Шымкентте көпқабатты үйдің балконы опырылып түсті

1 Ақпан 2023, 12:54
1085
Бөлісу:
Шымкентте көпқабатты үйдің балконы опырылып түсті

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы бойында орналасқан 3 қабатты үйде болған. Түскі мезгілде үшінші қабаттағы балкон тұтастай төмен құлаған.

Оқиға орнына Әл-Фараби ауданы төтенше жағдайлар басқармасы, аудан әкімшілігінің қызметкерлері және жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел жеткен. Мәселенің мән-жайын анықталып жатыр.

Құтқарушылар оқиға орнында шатырдағы қарлар мен мұздарды түсіру жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы