Су басқан Құлсарыдағы эпидемиологиялық жағдай белгілі болды

24 Сәуір 2024, 06:18
303
Бөлісу:
Су басқан Құлсарыдағы эпидемиологиялық жағдай белгілі болды
Фото: baq.kz

Атырау облысы Құлсары қаласында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Бірақ төтенше жағдай сақталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 сәуірде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы хабарлағандай, су тасқынынан зардап шеккен ауданда халыққа берілетін судың сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жалғасуда.

Төтенше жағдайдың барлық кезеңінде санитарлық-химиялық және микробиологиялық зерттеулер жүргізу үшін су мен азық-түлік өнімдерінен 500-ге жуық сынама алынды. Су тасқыны және су тасқынынан кейінгі кезеңде халық арасында жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, - делінген хабарламада.

Жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, жеке бас гигиенасын сақтау мақсатында тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Бүгінде су тасқыны арқылы жұқпалы аурулардың таралу қаупі ең төменгі деңгейде. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны кезеңінде министрліктің ресми ұсыныстарын орындауды ұсынады, - делінген баспасөз хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы