Су тасқыны. Өлген жануарлардың иелеріне өтемақы төленіп жатыр

25 Сәуір 2024, 11:27
173
Бөлісу:
Су тасқыны. Өлген жануарлардың иелеріне өтемақы төленіп жатыр
Фото: ОКҚ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі өлген жануарлардың иелеріне өтемақы төленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жануарларының 780 бас малына 113,2 млн теңге, Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жануарларының 753 бас малына 98,3 млн теңге сомасында өтемақы төленді.

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша залал толығымен өтелді. Батыс Қазақстан облысында өтемақыға 187,4 млн теңге бөлінді, өтінімдерді қабылдау рәсімі жүргізілуде, төлем апта соңында басталады. Атырау және Ақмола облыстарында өтемақы алуға өтінімдер қабылдануда, - деді Олжас Тілебалдин ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Республикалық штабтың хаттамасымен өлген жануарлардың құнын өтеу алгоритмі бекітілді. Өтемақы алу үшін өтініш берушілер залалды актілеу мақсатында жергілікті Комиссияға жүгінуі қажет.

Өзгелердің жаңалығы