Таксисттер мен курьерлер әлеуметтік салық режимімен қамтылатын болады

29 Наурыз 2023, 19:15
768
Бөлісу:
Таксисттер мен курьерлер әлеуметтік салық режимімен қамтылатын болады
Фото: holland.com

Алматылықтарға халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Әлеуметтік кодекс нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс сапары аясында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа Әлеуметтік кодексте икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлері заң жүзінде бекітіліп, реттелетін болады.

Ұсынылған жаңа тәсілдер келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады. Біріншісі – еңбек нарығын ырықтандыру. Бұл икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін, соның ішінде платформалық жұмыспен қамтуды мойындауды білдіреді, - деді Сағындықова.

Бұл норма, спикердің айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды ықтимал әлеуметтік тәуекелдерден қорғауды, ал олар туындаған жағдайда әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді. Осы мақсатта «тәуелсіз жұмысшы» ұғымы енгізілді. Бұл еңбек қызметі табыс әкелетін, бірақ сонымен бірге уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға.

Мұндай жұмысшылардың қызметі, егер олар онлайн платформалардың ұсынысына қосылса немесе жария келісімшарт жасаса, заңды жұмыспен қамтылған деп танылады, - деп қосты спикер.

Мәселен, такси жүргізушілері мен курьерлер әлеуметтік салық режимімен қамтылатын болады. Осы санаттағы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды онлайн платформалар операторлары жүзеге асыратын болады.

Сонымен қатар цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын енгізу мәселесі қарастырылуда. Спикердің айтуынша, қазіргі жүйе өңірлік еңбек нарықтарын дамыту бойынша барлық бастамалар мен бағдарламаларды үйлестіретін мобильді орталықтарға айналады.

Өзгелердің жаңалығы