Талдықорғанда 1218 пәтер заңсыз берілген

30 Наурыз 2023, 02:50
747
Бөлісу:
Талдықорғанда 1218 пәтер заңсыз берілген
Фото: azattyq-ruhy.kz

2013 пен 2021 жылдардың аралығында Талдықорғанда 1218 пәтер заңсыз берілген. Оның 59-ы кері қайтарылды. Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға берілген 500-ге тарта баспана заңдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғын үй бөлімінің бірнеше маманы сот санкциясымен үйқамаққа алынды. Өзге деректер тергеу жүріп жатқандықтан жария етілмейді, - дейді мамандар.

Қазіргі таңда қылмыстық іс Талдықорған қаласының акиматының лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізілуде. Оның ішінде бірнеше адам тұрғын үй бөлімінің қызметкерлері қазіргі таңда күдікті ретінде танылған. 2013 - 2021 жылдар аралығында болған жағдайлар олар. Сол аралықта бірнеше пәтерді заңсыз шеттету фактілері бойынша айып тағылды, - деді Жетісу облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тергеу басқармасының басшысы Айдос Жетпісбаев.

Біз бұл жұмысты негізінде алдыңғы жылы күзге дейін бітіруіміз керек болатын. Халыққа да сөйтіп есеп бергенбіз. Бірақ мұның былайша айтқанда масштабын көрмедік. Қазіргі таңда масштабы үлкен болып отыр. Осыған байланысты жұмыс ауқымы да көбейіп отыр. Талдықорған қаласының әкімшілігі, біздің прокуратура бар облыстық, қалалық прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті өкілдері де бар. Осы үш мекеме болып осы мәселенің анық-қанығына жету мәселелерін анықтап жатырмыз, - деді Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев.

Өзгелердің жаңалығы