Таразда 40-тан астам субұрқақ іске қосылды

1 Мамыр 2024, 08:41
359
Бөлісу:
Таразда 40-тан астам субұрқақ іске қосылды
Фото: baq.kz

Таразда 40-тан астам субұрқақ іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Желтоқсан, облыс әкімдігі, Достық, Жастар аллеясы, Сарайшық, Тұңғыш Президент саябағы, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақ, Арбат 2, Студенттер үйі және «Жеңіс» саябағында субұрқақтар іске қосылып, қаланың әсем бейнесіне тағы да көрік сыйлады.

Жалпы қалада 21 мекенжайда 49 субұрқақ бар. Субұрқақтарға қызмет көрсетуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы “Киелі Мекен” ЖШС жеңімпаз болып анықталды.

Айта кетейік, іске қосылған субұрқақтарға техникалық жөндеу жасалды. Сонымен қатар алдағы уақытта субұрқақтарды жаңғырту жұмыстары жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы