Таразда синтетикалық есірткі сатушы ұсталды

1 Ақпан 2023, 21:57
1163
Бөлісу:
Таразда синтетикалық есірткі сатушы ұсталды
Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оны заңсыз сақтау және тарату дерегі бойынша облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдіктінің үйін тінту барысында облыс орталығының аумағында одан әрі өткізу үшін 60 орамға салып, дайындап қойған синтетикалық есірткі табылды. Сонымен қатар, есірткі затын қолдануға арналған құрылғы анықталды.

Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырылған, - деп атап өтті Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Өзгелердің жаңалығы