Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіні анықтады

24 Наурыз 2023, 12:15
567
Бөлісу:
Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіні анықтады
Фото: azattyq-ruhy.kz

Полиция Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Күдіктінің жеке басы анықталды. 

Ол 24 жастағы баланың анасымен бірге тұратын ер адам екені белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Өзге ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялауға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы