«TikTok-та» онлайн құмар ойынын ұйымдастырған алматылық сотталды

30 Наурыз 2023, 09:38
697
Бөлісу:
«TikTok-та» онлайн құмар ойынын ұйымдастырған алматылық сотталды
VIDEO
Фото: grozny.tv

Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 млн теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы тұрғындары «TikTok» әлеуметтік желісінде ақшаны алу және ұтыстарды банк аударымдарымен беру арқылы онлайн құмар ойындарды ұйымдастырған.

ҚМА қалалық департаменті әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың әрекетін тоқтатты.

Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 млн теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді. Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сонымен қатар сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған 4 тұлғаға қатысты істі қарауда. Құрметті азаматтар! Әлеуметтік желілерде құмар ойындар ұйымдастыру заңсыз және ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының нормаларына қайшы келетінін естеріңізге саламыз, - делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы