Ұлыбритания мигранттарды депортациялайды

23 Наурыз 2023, 15:15
792
Бөлісу:
Ұлыбритания мигранттарды депортациялайды
Фото: © AP Photo / Kin Cheung

Ұлыбритания алдағы 3 жылда 190 мыңнан аса мигрантты депортацияламақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың төрттен бірі – балалар. Тиісті бастаманың көтерілуі бекер емес. Өйткені жыл сайын корольдікке Ла-Манш бұғазы арқылы 65 мың босқын заңсыз келеді. 

Сондықтан былтыр билік оларды Африкадағы ел – Руандаға күштеп жіберу мүмкіндігі туралы айта бастаған. Бірақ сот оны заңсыз деп таныды. Сөйтіп, келесі айда бағдарламаны аппеляциялық сот қарауы керек.

Өзгелердің жаңалығы