Жамбыл облысында аула аумағынан су жедел түрде шығарылып жатыр

4 Ақпан 2023, 18:58
1259
Бөлісу:
Жамбыл облысында аула аумағынан су жедел түрде шығарылып жатыр
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Жамбыл облысындағы Сарысу ауданында бір аула аумағынан су айдау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.  

Күннің жылынуына байланысты Жамбыл облысының аумағында аула аумақтарын су басу жағдайлары жиі кездеседі. Облыстағы ахуал бақылауда тұр. Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары су басу салдарын жою және халыққа көмек көрсету жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты дайындыққа келтірілді.

Жамбыл облысында аула аумағынан су жедел түрде шығарылып жатыр

Мәселен, Т. Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарындағы бірнеше елді мекендерінде аула аумақтарын еріген қар суы басқан. ЖАО және ТЖД күштерімен аула аумақтарынан еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізілуде.

Т. Рысқұлов атындағы аудан бойынша жағдай тұрақты. Еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізілуде. 60-қа жуық адам, 6 бірлік техника және 4 мотопомпа жұмыс жүргізуде. Шу ауданында да осындай жағдай, ол жерде де облыстың ЖАО және ТЖД өкілдері жұмысты қолға алған. Сарысу ауданында бір аула аумағынан су айдау жұмыстары жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрақты бақылауда, - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Жамбыл облысы ЖАО және ТЖД бөлімшелері су айдау жұмыстарын уақтылы жүргізуде. Т. Рысқұлов атындағы ауданның бірқатар елді мекендеріндегі жұмыс аяқталғаннан соң, күштер мен құралдар кезекшілік атқару және қажетті жұмыстарды жүргізу үшін Жақсылық ауылына жіберілді.

Жамбыл облысында аула аумағынан су жедел түрде шығарылып жатыр

Есіңізде болсын, арық жүйесін уақтылы тазарту, қар шығару, арықтарды қоқыстардан тазарту және басқа да алдын алу шаралары маңызды профилактика болып табылады және тұрғын үйлер мен көшелердің аула аумақтарын су басудың алдын алуға көмектеседі, - деп ескертті ТЖД. 

Ескеретін жайт, облыс аумағында 4-10 ақпан аралығында дауылды ескерту жарияланған.

Өзгелердің жаңалығы