Жамбылда өрттен 5 адам құтқарылды

4 Ақпан 2023, 19:39
1710
Бөлісу:
Жамбылда өрттен 5 адам құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Жамбыл облысында өрттен бес адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтем жасап. 

4 ақпанда сағат 10:10-да Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сағат 10:34-те жойылды. Өрт сөндірушілердің күшімен 5 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8 бала. 1981 жылғы пәтер иесі мен оның 1987 жылғы жұбайы күйікпен ауруханаға жатқызылды, - делінген ведомство хабарламасында. 

Жамбылда өрттен 5 адам құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы