Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

30 Наурыз 2023, 09:26
637
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды
Фото: ©Top Rank

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Ресми! Бұйыртса, жекпе-жек 13 мамырда өтеді. Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық титулын екінші рет қорғайды. Қарсыласы канадалық Стивен Батлер. Жасы 27-де. Рекорды: 32 жеңіс, 3 жеңіліс. WBO рейтингінде 6 орындағы қарсылас. Тартысты кездесу күтіп тұр! Qazaq style-ға сәттілік! Жеңісті күнде жүздесейік!», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Жәнібек ең соңғы жекпе-жегін былтыр қарашада Лас-Вегаста өткізіп, төрешілердің шешімімен британдық боксшы Дензел Бентлиден басым түсті. Сол арқылы WBO белбеуін қорғап қалды.

 

Өзгелердің жаңалығы