Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі басталды

23 Наурыз 2023, 17:43
724
Бөлісу:
Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі басталды
Фото: ҚТФ

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында теннистен командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдина Рахымның шәкірттері ширек финалда іріктеу турнирінің екінші ракеткасы – Үндістан командасын ұтты.

Алдымен Ева Корышева (Ақтөбе) қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Содан кейін Еркежан Жаңатаева (Алматы) да өз қарсыласын 6:4, 6:7, 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 24 наурыз күні жартылай финалда Жапониямен ойнайды. Жапониялықтар ширек финалда Таиланд командасынан басым түсті.

Биыл Азия – Тынық мұхит аймағынан командалық әлем чемпионатының финалдық сатысына үш жолдама беріледі. Финалдық кезең жазда Чехияның Простеев қаласында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы