Жетісуда өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйдегі өртті жойды

20 Сәуір 2024, 06:30
378
Бөлісу:
Жетісуда өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйдегі өртті жойды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Жетісу өрт сөндірушілері жеке тұрғын үйдегі өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Ынтымақ ауылында жеке үйде өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шатыр мен төбенің жануы болғанын анықтады. Жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Өрт толығымен жойылғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы