Жыл басынан бері ІІО-ға мыңға жуық жасөспірім жеткізілді

29 Наурыз 2023, 17:30
614
Бөлісу:
Жыл басынан бері ІІО-ға мыңға жуық жасөспірім жеткізілді
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

123 жасөспірім және 45 тұрмысы нашар отбасы есепке қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан полиция органдары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ оларға қатысты құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Жергілікті пысықтау жұмыстары барысында ішкі істер органдарына 961 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 1456 заңды өкіл, яғни  кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін - 667 ата-ана,  кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болғаны үшін - 101 заңды өкіл, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін - 70 ата-ана және өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

123 жасөспірім және 45 тұрмысы нашар отбасы есепке қойылды, 9 заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды, 2 жасөспірім мамандандырылған мектепке жіберілді.

Кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу процесінде ішкі істер органдары өз күш-жігерін қылмысқа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ оларды жоюға бағыттайды. Полиция қызметкерлері, ата - аналар, мұғалімдер және басқа да мүдделі органдар  бірлесе отырып жұмыс жасап, жасөспірімдерді дұрыс, заңға бағынатын жолға салуы тиіс, - деді  ПД ЖПҚБ-нің ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев. 

Жалпы жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,5%-ға төмендеді. Сондай-ақ онша ауыр емес қылмыстар 100%-ға, ал кәмелетке толмағандар жасаған орташа ауырлықтағы қылмыстар саны төрттен бір пайызға азайды.

Өзгелердің жаңалығы